Алаң иелері екі рет алға шыққанымен, алматылықтар есепті теңестірді, деп хабарлайды kznews.kz. «Ақтөбе» сапынан Шейи Оджо мен Агустин Пасторица, «Қайраттан» Азамат Тұяқбаев пен Марк Гуаль гол соқты. Алайда чемпиондыққа таласты жалғастыру үшін «Қайратқа» тек жеңіс қажет еді.
Неліктен «Ордабасы» чемпион атанды? Шымкенттіктердің еншісінде – 68, «Қайратта» 64 ұпай бар. Соңғы турда жеңіске үш ұпай ғана берілетіндіктен, алматылықтар көшбасшыны енді қуып жете алмайды. Осылайша, «Ордабасы» мерзімінен бұрын чемпиондықты рәсімдеді!
Бұл – «Ордабасының» клуб тарихындағы екінші чемпиондығы. Шымкент командасы алғашқы алтын жүлдесін 2023 жылы жеңіп алған еді. Араға үш жыл салып, чемпиондық атақ Шымкентке қайта оралды!