«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оқушылар байқауы жеңімпаздарын ФСБ шақырып жатыр

Оқушылар байқауы жеңімпаздарын ФСБ шақырып жатыр

Жоғарғы сынып оқушылары арасында өтетін жалпыресейлік "Тарихтағы адам. Ресей – ХХ ғасыр" ("Человек в истории. Россия – ХХ век") байқауының жеңімпаздары мен олардың мұғалімдерін мектеп директорлары Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) және жергілікті әкімшілік өкілдерімен әңгімеге шақыртып жатыр. Бұл туралы 4 маусымда "Мемориал" құқық қорғау орталығы хабарлады.

Ұйымдастырушылар комитетіне мұндай кездесулер туралы ақпарат мамыр айының басынан бастап Ресейдің көптеген аймағынан түсе бастаған.

"Мемориал" орталығының хабарлауынша, мұғалімдерден оқушылардың жұмысын көрсетуді, байқау туралы ақпарат қалай таралатыны туралы сұраған, сондай-ақ құқық қорғау орталығымен бірлесіп жұмыс істеуден бас тартуға "кеңес" берген.

Биыл сәуірде аталмыш байқаудың жеңімпаздарын марапаттау кезінде кремльшіл НОД және SERB ұйымдары белсенділері ​кедергі келтірмек болды. Кейін "Россия 24" телеарнасында байқауды ұйымдастырушыларды "қазіргі күннің Иудасына" теңеген сюжет шықты.

2016 жылы өткен байқаудың ақтық сайысында НОД белсенділері байқауға қатысқан оқушылар мен журналистерге ​көк дәрі шашып, жұмыртқа лақтырған еді.


Azattyq
Автор
Мадияр