Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оқушы қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды

Оқушы қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды

Қазір күдікті қамауда отыр.

Түркістан облысының полицейлері кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты азғындық әрекет жасаған деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды otyrar.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 қаңтарда Сайрам аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция тобының мектеп инспекторына жергілікті тұрғын арызданған. Шағымда белгісіз тұлға оның қызына қатысты азғындық әрекетін жасағанын көрсеткен. Полиция қызметкері оқушының ата-анасымен барып күдіктіні анықтап ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді», — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары шағымды ҚР ҚК-нің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркеді. Қазір күдікті қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ арнайы сараптамалар тағайындалған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Санжар