Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Талғарда ауылдасын ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Талғарда ауылдасын ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Күдікті мұндай қатыгездік қадамға жұбайын қорғау үшін барған.

Тәртіп сақшылары ауылдасын жұдырықпен ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Талғар ауданының 50-жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының полиция өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, оқиға 23-қаңтар күні Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында орын алған. Екі ауылдастың арасындағы тұрмыстық жанжал төбелеске ұласып, ауыр жарақат алған 52 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болған.

Тергеу барысында анықталғандай, қайтыс болған азамат пен күдіктінің жұбайы арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқан. Осы сәтте күдікті жұбайын қорғау мақсатында осындай қадамға барған.

"Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат ұсталып, ол Талғар аудандық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Істі тергеу Талғар аудандық полиция қызметкерлерінің өндірісінде", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Жандос