Саяси қуғын-сүргін сюжеті: қызыл террордан қашып құтылған адам
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Олимпиада жүлдегері Шайдоровқа қатысты жағдайға пікір білдірді

Олимпиада жүлдегері Шайдоровқа қатысты жағдайға пікір білдірді
Фото: ашық деркккөзден

Сиднейде өткен 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық еркін күрес шебері Ислам Байрамуков мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі төңірегіндегі жағдайға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Михаил Шайдоровтың жетістігі – бүкіл ел үшін маңызды оқиға.

«Құрметті отандастар, бүгінде әлем чемпионы Михаил Шайдоров туралы қызу талқылаулар жүріп жатыр. Оның жеңісі баршамызды қуантты. 32 жылдан кейін келген алғашқы алтын медаль – орасан зор еңбектің нәтижесі. Бүкіл ел бұл жетістікке қуанып, болашақтан үлкен үміт күтіп отыр. Алайда қазір осы мәселеге байланысты түрлі пікірлер айтылуда», – деді Байрамуков.

Спорт ардагері бұл мәселеге спорт саласында көп жыл еңбек еткен маман ретінде қарайтынын жеткізді.

«Мен бұл туралы спорттың ішінен шыққан адам ретінде айтып отырмын. Олимпиадаға қатыстым, мол тәжірибем бар. Қазір Республикалық спорт колледжін басқарамын. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық спортшылар үлкен жетістіктерге жетті. “Тәртіпсіз ел болмайды” деген сөз бар. Сондықтан бұл жерде күрделі мәселе көріп тұрған жоқпын, оны сабырмен талқылап, шешуге болады», – деді ол.

Байрамуков спортты қаржыландыру және мемлекеттік қаражатты бөлу мәселесіне де тоқталды.

«Спортшылар жеңіспен оралғанда, біз оларды құрметпен қарсы аламыз. Алайда барлық сыйақылар мен марапаттар салық төлеушілердің қаржысы есебінен төленетінін ұмытпауымыз керек. Егер министрлер қаржыны бақылаусыз тарата берсе, ертең оның есебі сұралады. Қаражаттың қайда жұмсалғаны және қандай нәтиже бергені тексеріледі. Нәтиже болмаса, неге дәл сол бағытқа қаржы бөлінгені жөнінде сұрақтар туындайды», – деді ол.

Сонымен қатар ол елімізде спорт саласы дамып келе жатқанын және министрліктің ауқымды жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

«Спорт дамып келеді, министрлік те үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Әр министрдің және әр кезеңнің өз ерекшелігі бар. Қазіргі спорт министрі қызметке келгеннен кейін спортшыларға көптеген жаңа мүмкіндіктер берілді», – деді Байрамуков.

Ол спорттық мансабын аяқтағаннан кейін салада еңбек етіп жүрген бұрынғы спортшыларды да қолдайтынын айтты.

«Кейбір адамдар бұрынғы спортшылардың спорт саласына келіп жұмыс істеуін сынға алады. Алайда дәл солар өз тәжірибесін бөлісіп, жас буынға бағыт-бағдар беруі керек. Егер олар болмаса, кім болады? Сондықтан олардың еңбегін құрметтеп, қолдау қажет», – деді ол.

Сөз соңында Ислам Байрамуков жағдайды саясаттандырмауға шақырып, барлық мәселені сындарлы түрде шешуге үндеді.

«Бұл мәселені ушықтырмай, сабырмен әрі конструктивті түрде шешуге шақырамын. Баршамыз бірлікті сақтап, елімізді және спортшыларымызды қолдайық. Атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Барлығы дұрыс шешімін табады деп сенемін», – деп қорытындылады Олимпиада жүлдегері.

Бұған дейін фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Елена Круглыхина да Михаил Шайдоровтың жалақы төленбегені туралы мәлімдемесіне пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, спортшының келісімшарты қысқы спорт түрлерінің өзге өкілдеріндегідей 2026 жылдың 22 ақпанына дейін ғана күшінде болған. Ал келісімшартты ұзарту мәселесін федерация, агенттер мен менеджерлер бақылауы тиіс еді. Круглыхина мұндай мәлімдемелер Спорт министрлігін қоғам алдында ақталуға мәжбүрлейтінін және спортшыларды даярлау жүйесінде еңбек етіп жүрген мамандардың жұмысын көлеңкеде қалдыратынын атап өтті. Сонымен қатар ол: «Миша ойынға беріліп кетті ме, әлде біреулер сені пайдаланып жүр ме?!» деп өз көзқарасын білдірді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.