Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Олимпиада чемпионы атағынан айырылған ел спортшылары кімдер

Олимпиада чемпионы атағынан айырылған ел спортшылары кімдер

Осыған дейінгі Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, кейін сол атағынан айырылып қалған спортшыларымыз да жоқ емес. Бүгін Париж Олимпиадасының алауы тұтанар алдында сол атлеттеріміз туралы да айта кеткенді жөн санап отырмыз.


Нақтырақ айтсақ, Қазақстан тәуелсіз ел ретінде жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстанда жазғы олимпиаданың 20 алтын медалін жеңіп алған болатын. Өкінішке қарай, оның алтауын кейін спортшыларымыз кері қайтарып берді. Оған басты себеп – допинг дауы.

Ендеше, допингпен ұсталып чемпиондық атақтарынан айырылған спортшыларымызға келейік.

Қазақстандықтарға ең ауыр тигені қызылордалық ауыр атлет Илья Ильиннің допинг қолданды деп айыпталып, Пекин және Лондон олимпиадасының алтынын қайтарып беруі. Илья Ильин бір емес, екі бірдей Олимпиадада чемпионы атанып, екі бірдей атағынан айырылып қалды.

Одан кейін тағы да ауыр атлетикадан Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедова Лондонда алған алтындарынан айырылды. Сондай-ақ, тағы бір ауыр атлет Нижат Рахимов «допинг ережесін бұзды» деп айыпталып, ХОК Рио олимпиадасында алған алтынын қайтарып алды.

Айта кетейік, соңғы төрт спортшы да Қазақстанда тумаған. Зүлфия Чиншанло мен Мая Манеза Қытайдан келіп Қазақстан азаматтығын алса, Светлана Подобедова Ресейден, ал Нижат Рахимов Әзербайжаннан келген болатын.

Автор
Еркебұлан