Жаңалықтар

"Ол зауытта көз жұмды": Арман Дүйсеновтің әйелі күйеуінің өлімі жайлы шындықты айтты (ВИДЕО)

"Ол зауытта көз жұмды": Арман Дүйсеновтің әйелі күйеуінің өлімі жайлы шындықты айтты (ВИДЕО)
stan.kz коллажы

Белгілі композитор, Қазақстанның танымал сазгері Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу Айданқызы "TalkLike" бағдарламасында күйеуінің қазасына қатысты бұрын-соңды айтылмаған жайттарды бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Айсұлу Айданқызының айтуынша, жұбайы көпшіліктің ойлағанындай жертөледе емес, зауытта көз жұмған.

"Маған Калелхан Иманмәди қоңырау соғып, "Арманның жағдайы нашар" деп зауытқа тез жетуімізді сұрады. Не болғанын сұраған едім "Жедел-жәрдем келе жатыр, жылдам жетіңіздер" деп айтты. Зауытқа жетсек, сыртта жедел-жәрдем тұр екен. Ұлымыз екеуміз фельдшерлермен екінші қабатқа көтеріліп едік, сөйтсек Арманның бетін жауып тастаған екен. "Не болды?" деп сұрағанымда жүрегі тоқтап қалды деп айтты. Ол ешқандай жертөледе көз жұмбады, бұл тіркелген дүние. Зауыт екі қабаттан тұрады, зауыттың аумағында студия жоқ. "Арман бұл жерге не үшін келді? Бұл студия емес қой" деп сұрап едім, "Осы жердегі балалармен таң намазына дәрет алды, балалар сапқа тұрған кезде, ағасының сапқа тұрмай, диванда жатып қалғанын көріпті. Оятқан кезде тұрмаған екен” деп жауап берді", – деді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz