Белгілі композитор Арман Дүйсенов пен оның ұлы Абылайдың жұмбақ өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Марқұмның жары бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ашық айтып, оқиғаның егжей-тегжейін бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Әйелінің сөзінше, қайғылы оқиғаға пәтер дауы мен алдау-арбау себеп болған.
"Сол пәтердің нақты құны – 140 миллион теңге. Ал Мұқаш Санжар маған 65 миллион теңге бердім деп отыр. Егер тек 65 миллион төлеген болса, неге толық пәтерді иемденбек? "Маған ақша табу керек" деді. Бұл сөзін еш қымсынбай айтты", – дейді ол.
Марқұмның жарының айтуынша, Абылайдың өлімінен кейін бар болғаны қырық күн өтпей жатып, әлгі адам пәтерді босатуды талап еткен.
"Абылайдың қырқына да толмаған. Телефоны әлі ашылмай жатыр. Бірақ досы арқылы хабар жіберіпті: "40 күн өтсін, сосын пәтерді босатсын" деп. Сол кезде мен Санжарды үйге шақырып, сөйлестім. "Пәтерді босат" деп тұрсың ба дедім. Ол: "Иә, босатыңыз" деді. Мәселенің бар мәні – ақша табуында екенін ашық айтты. Еш ұялған да жоқ", – деді марқұмның жұбайы.