Жасөспірімдердің жағдайы: қылмыс азайып, буллинг көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Өзін-өзі өлтіруі мүмкін емес”: Арман Дүйсеновтың ұлының өлімі қайта тергелуде

“Өзін-өзі өлтіруі мүмкін емес”: Арман Дүйсеновтың ұлының өлімі қайта тергелуде
Фото: ашық дереккөз

Абылай Дүйсен 2024 жылғы 7 қазанда Алматыдағы пәтерінен асылған күйінде табылған.

Композитор Арман Дүйсеновтің 21 жастағы ұлы Абылайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергелуде. Жаңа сот сараптамасы оның өзіне қол жұмсағаны туралы бастапқы нұсқаға күмән келтірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның анасы Айсұлу Алпысбаева ұлының өліміне басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, сараптама екі қолы арқасына байланған адамның өздігінен асылуы мүмкіндігіне күмән тудырған.

Сондай-ақ отбасы Абылай қайтыс болғаннан кейін анықталған 48 миллион теңге қарызға және пәтерге қатысты сот дауына назар аударған. Анасының сөзінше, марқұмның хат алмасуларынан пайызбен ақша алу туралы мәліметтер табылған.

Айсұлу Алпысбаева мен адвокаттары телефондағы деректер, қаржылық операциялар және іске қатысы болуы мүмкін адамдардың байланыстары толық зерттелмегенін алға тартады.

«Біз бәріміз Абылайға не болғанын білгіміз келеді. Шындық қаншалықты ауыр болса да, бізге сол керек», – дейді марқұмның анасы.

Отбасы Ішкі істер министрлігіне жүгінгеннен кейін Алматы полиция департаменті істі қайта тергеуге кіріскен. Алайда марқұмның анасы тергеудің өзіне қол жұмсау нұсқасына басымдық беріп отырғанына алаңдайды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Абылайдың өліміне өзге адамдардың қатысы бар екені ресми түрде дәлелденбеген.

Айта кетейік, композитор Арман Дүйсенов 2023 жылғы қаңтарда қайтыс болған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.