Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Арман Дүйсеновтың жары оның өліміне қатысты бар шындықты жайып салды

Арман Дүйсеновтың жары оның өліміне қатысты бар шындықты жайып салды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның танымал композиторы, марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы “TalkLike” бағдарламасында алғаш рет бұрын жария болмаған жайттарды бөлісті. Оның айтуынша, көпшілікте тараған ақпаратқа қарамастан, сазгер жертөледе емес, зауыт ғимаратында көз жұмған, деп хабарлайды kznews.kz.

Айсұлудың сөзінше, қайғылы хабар оған сол күні қоңырау шалынғаннан кейін белгілі болған.

«Калелхан Иманмәди хабарласып, “Арманның жағдайы нашар” деді. Біз ұлымызды алып дереу зауытқа бардық. Барсақ, жедел-жәрдем көлігі сыртта тұр екен. Фельдшерлермен бірге екінші қабатқа көтерілдік. Арманның бетін жауып қойыпты. “Не болды?” деп сұрағанда, “жүрегі тоқтап қалды” деді. Ол жертөледе көз жұмды деген ақпарат – шындыққа жанаспайды», – деді ол.

Сазгердің жары Арманның соңғы сәттері туралы да айтты. Оның айтуынша, композитор сол күні жас жігіттермен бірге таң намазына тұрған.

«Зауыт екі қабатты, ішінде студия жоқ. “Арман ол жерде не үшін болды?” деп сұрадым. Олар “Балалармен бірге дәрет алған. Сапқа тұрған кезде Арман тұрмаған, диванда жатқан. Оятамыз деп жақындағанда, қозғалыссыз жатқанын көрдік” деді», – деп еске алды Айсұлу Айданқызы.

Арман Дүйсенов – қазақ музыкасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі композитор, продюсер және өнер қайраткері. Оның кенеттен қазасы отандық өнер қауымдастығын терең күйзеліске түсірген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.