Онда да жағымпаздық иісі аңқып тұр және «Елбасы» атауы да кездеседі. Тағы ол бір ғана сабақ оқытылып қоймайды. Бақандай 10 сабақ арналып отыр. Бұл қандай құйтырқылық.
Мысалы:
Қисыны келелi iстiң дер шағында,
Күш-қуат келiде емес, келсабында.
Сөйлейдi Назарбаев Нұрсұлтан боп,
Көк тулы Қазақстан жер шарында.
Шарпысып жаңа дәуiр ескiменен,
Көз көрдi хикметтi естiмеген.
Елбасы шарқ ұрады шартарапқа,
Қырандай балапаны кеш түлеген.
********
Салған соң кең толғанып көпке кеңес,
Аяулы Алматысы өкпелемес.
Алдымен Елбасының жүрегiнде,
Астана жерде де емес, көкте де емес!
*********
Отырсақ өзге жұрттан аса қарап,
Қонғаны бақ пен дәулет қоса-қабат.
Ерлiгi Елбасының жарқырап тұр,
Бұлт қалай күннiң көзiн тасаламақ?!
*********
Жырламас ғажайыпты кiм мұндағы,
Жеткенше сөздiң дәмi, тiлдiң нәрi.
Алғысын жаудырады Елбасыға
Бақытты бұл шаhардың тұрғындары.
*********
Жағадан астана сап алыстағы,
Батысқа, шығысқа да қарыштады.
Қазақтың Нұрсұлтаны сондай десем,
Әлеумет айтты демес мен ұшқары.
*********
Нұрсұлтан – арқа тiрек, алтын дiңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын бiлмек.
Қарғаның қарқылдайтын әдетi ғой,
Қыранның аспандағы даңқын күндеп.
*********
Асылдың жарқылдамас бар ма күнi,
Әуелден түскен оған Алла нұры.
Сондықтан Нұр-Сұлтан деп атын қойған,
Ата-ана болжағандай алдағыны.
Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған (208-216 беттер)
Ендігі мәселе мынада. Оқулықтар қашан жаңарады? Әлде жас жеткіншектерді жағымпаздық рухында тәрбиелеуді жалғастырамыз ба? Жалпыны жарға жығатын жағымпаздық екенін ұмытпайық ағайын...
KZNEWS.KZ