Каспидегі қайғылы жағдай: Прокурорлар оқиғаға қатысты алғашқы күдіктілерді анықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрекең қатты ашуланды...: Енді Тұңғыш Президент күні тойланбайды

Нұрекең қатты ашуланды...: Енді Тұңғыш Президент күні тойланбайды

Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады.
⠀
– Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қатысты өзгерістер осы заң жобасына енгізілген. Яғни 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ескерілген.
⠀
Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды, – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов.

Оның алдында "Жаңа Қазақстан" фракциясы Нұр-Сұлтан атауын алып тастап, елордаға Астана атауын қайтаруды ұсынған болатын.

Ол ұсыныс та, әрине бірінші президентке жақпағаны анық.

Автор
Данияр