KZNews.kz
Қоғам

Нұрай Серікбайдың видеосын жариялаған полицейдің үстінен іс қозғалды

Торғын Абушахман
Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында әлеуметтік желіде кең тараған даулы бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. Аталған видеода кейін қаза тапқан Нұрай Серікбайдың полиция бөлімінде камера алдында жауап беріп отырған сәті бейнеленген, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл бейнематериалды интернетте жариялаған адам өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған, ал оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Вице-министрдің айтуынша, мұндай әрекет қолданыстағы заңнама талаптарына сай келмейді.

«Ол адамның мұндай бейнематериалды жариялауға ешқандай құқығы болған жоқ. Қазіргі таңда қылмыстық іс тіркелді, бұл эпизод та міндетті түрде құқықтық тұрғыда бағаланады», – деді Игорь Лепеха.

Құзырлы органдар бейнежазбаның жариялану дерегі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық істің қай баптар бойынша қаралатыны, сондай-ақ аталған полиция қызметкерінің жауапкершілікке тартылу-тартылмауы тергеу нәтижесіне байланысты анықталатын болады.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →