Блэкаут: Қырғызстандағы апат Қазақстанның энергетикалық жүйесін істен шығарды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Сені қорғай алмадым»: Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына жазба арнады

«Сені қорғай алмадым»: Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына жазба арнады

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот үкімі шыққаннан кейін марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде қарындасына арнап жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сұлтан Серікбай жазбасында қарындасының қазасынан кейін отбасы үшін ең маңыздысы әділдік орнату болғанын атап өтті. Ол осы жолда қолдан келгеннің бәрін жасап жүргенін айтып, Нұрайдан кешірім сұрады.

«Нұрайка, әділдік орнауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Мені кешірші... Сені қорғап қала алмадым...» – деп жазды ол.

Бұған дейін Сұлтан Серікбай отбасы үшін материалдық өтемақыдан гөрі қарындасының өліміне кінәлі адамның заң алдында ең ауыр жазаға тартылуы маңызды екенін айтқан еді.

Нұрайдың жақындарының мәліметінше, отбасы бірнеше ай бойы істің сотқа жетуі және сотта әділ шешім шығарылуы үшін күрескен. Осы кезеңде олар іс бойынша қажетті дәлелдерді жинап, қылмыстық істің соңына дейін жеткізілуіне күш салған.

Еске салайық, 13 тамызда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Шерхан Аймаханды Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот оны сталкинг, некеге тұруға мәжбүрлеу және аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша кінәлі деп таныған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.