Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймаханға сот үкімі шықты

Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймаханға сот үкімі шықты

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сот Шерхан Аймаханды үш қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі қарап, сотталушының әрекетін некеге мәжбүрлеу, адамды қудалау (сталкинг) және аса қатыгездікпен адам өлтірубаптары бойынша саралаған.

Сот шешіміне сәйкес, Шерхан Аймахан өмір бойы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкентте болған. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы бұған дейін Нұрай Серікбайды оның еркіне қарамастан алып кеткен. Кейін қызды аңдып жүрген.

Арада уақыт өткен соң Нұрайға пышақпен шабуыл жасалып, салдарынан ол көз жұмған. Сотта жария болған мәліметтерге сәйкес, марқұмның денесіне 35 пышақ жарақаты түскен.

Сотталушы тағылған айыптардың барлығын толық мойындамаған. Ол қылмысты аффект жағдайында жасағанын айтып, оқиғаның кейбір тұстарын есіне түсіре алмайтынын мәлімдеген.

Ал мемлекеттік айыптаушы соттан Шерхан Аймаханға ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Прокурор сотталушының жазасын жеңілдетуге негіз болатын мән-жайлар анықталмағанын атап өткен.

Нұрай Серікбайдың өлімі қоғамда кең резонанс тудырған еді. Марқұмның жақындары оның қазасына дейін болған жағдайларға байланысты құқық қорғау органдарына бірнеше рет жүгінгенін айтып, істің тергелуіне қатысты бірқатар мәселе көтерген.

Бұл іс қоғамда әйелдерді қудалау, сталкинг және адамды некеге мәжбүрлеу мәселелеріне қатысты пікірталастың күшеюіне себеп болды. Соттың өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімі аталған қылмыстарға құқықтық жауапкершілік мәселесін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.