Қысқа сілтеме алу
Өрт сөндірушілер жиырма адамды отқа оранған ғимараттан алып шықты. Алайда бір адамның өірін сақтап қалу мүмкін болмады
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Елордадағы бесқабатты үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер жиырма адамды құтқарды, оның тоғызы - бала, деп хабарлады төтенше жағдайлар қалалық департаменті.
"Сағат 14.14-те "101" пультіне Күйші Дина, 39/1 мекен-жайындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарланды. 7 минуттан соң оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті", - деді департаменттегілер.
© Photo : ДЧС Нур-Султана
Өрт сөндірушілер жиырма адамды құтқарды
Бір адам қаза болды. Алын ала мәліметке сәйкес, 12 адам зардап шеккен. Оның жартысы - бала. Бәрі ауруханаға жеткізілді.
Мамандар жиырма адамды құтқарды. Олардың жартысына жуығы бала. Өкінішке қарай, пәтерлердің бірінде өрт сөндірушілер 1987 жылы туған әйелдің денесін тапты.
sputniknews.kz