"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда автобустардың қозғалысын тоқтату ұсынылды - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда автобустардың қозғалысын тоқтату ұсынылды - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда карантин кезеңінде қоғамдық көліктерге тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы қалалық көлік жүйелерінің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирусты тоқтату штабына карантин кезеңінде қоғамдық көлікті толық тоқтата тұру туралы ұсыныс жасадық", - деді Бекмырза Игенбердинов.

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы автобус паркі карантинге жабылғандығы белгілі болды. №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланысқа шыққан. Қызметкерлер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл парк жабылды. Автопарктың, автобустардың бүкіл аумағы залалсыздандырылды. Қызметкермен тығыз байланыста болғандар ауруханаға, кейбіреулері үй карантиніне орналастырылды.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирустық пандемияға байланысты жаңа шектеулер енгізілді. Мемлекеттік комиссия 28 наурызда 00:00-ден бастап екі қалада карантин режимін күшейту туралы шешімді мақұлдады. Жаңа шаралардың қатарына қоғамдық көліктің кезең-кезеңімен шектелуі, сонымен қатар тамақ, дәрі-дәрмек пен жұмысқа баруды қоспағанда, адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылады.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан