Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нидерландта бет бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым күшіне енді

Нидерландта бет бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым күшіне енді

Бүгіннен, 1 тамыздан бастап Нидерландта қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде әйелдерге бетін бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым ресми түрде күшіне енді.

Бұдан былай қоғамдық көлікте, мектепте, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелерде паранжа, ниқаб және чадра киюге болмайды.

Нидерландтың ішкі істер министрлігі полиция мен муниципалдық биліктен заңның орындалуын бақылауды сұрады. Мәселен, қауіпсіздік қызметкері ниқабтағы әйелді көрсе, олар азаматтан жүзін көрсетіп жүруді сұрауға міндетті. Бетін ашудан бас тартқан әйел ғимаратқа кірмеуі, 150 еуро (166 доллар) айыппұл төлеуі мүмкін.

Көбіне Түркиядан, Суринам, Индонезия мен Мароккодан келген мұсылмандар үлесі Нидерланд халқының 5 пайызына жуықтайды. Бірақ ислам ұстанатын әйелдердің паранжа мен ниқабта жүруі сирек. Германиялық DPA агенттігінің мәліметінше, Нидерландта бетін тұтастай бүркейтін мұсылман үлгісінде киінетін 400-ге тарта әйел бар.

Кейбір полицейлер мен медициналық мекемелер бұл заңды орындауды талап етпейтіндерін ашық айтты. Бірақ оңшылдар мүше Азаттық партиясының жетекшісі Герт Вилдерс видеоүндеу арқылы "Полиция мен дәрігерлер әйелдерден жүзін ашуды талап етпесе, мұны азаматтардың өзі-ақ істей алады" деп мәлімдеді.

Нидерланд парламентінің бірінші палатасы былтыр маусымда қоғамдық орындарда әйелдердің бетін бүркеп алатын киім киюіне тыйым салуды қолдап дауыс берген. Нидерланд парламентінің екінші палатасы мұндай заңды 2016 жылы қабылдаған.

Бұған дейін Дания, Австрия, Бельгия және Францияда, Швейцария мен Испанияның бірнеше ауданында, Канаданың Квебек провинциясында қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып тұратын киім мен бас киім киюге тыйым салынған.


Azattyq
Автор
Мадияр