"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Не деген тосын сый": Роза Рымбаева мен Анатолий Цой ресейлік шоуда бірге ән шырқады (Видео)

"Не деген тосын сый": Роза Рымбаева мен Анатолий Цой ресейлік шоуда бірге ән шырқады (Видео)

Роза Рымбаева мен Анатолий Цой ресейлік "Дуэты" музыкалық жобасында бірге ән салды. Қызығы, қос әнші бір сахнада кездесетіндерін білмеген. Олар тек өлеңнің соңында бір-бірін көре алды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Рымбаева мен Цойдың өнер көрсетуі "Россия-1" арнасынан көрсетіліп, Youtube желісіне жарияланды. Жоба ережелеріне сәйкес, қос әртіс танымал хит әнді бірге орындауы тиіс. Алайда, олар өлеңді кіммен айтатын өздері білмейді. Себебі, жұлдыздардың арасына үлкен қабырға орнатып қойған. Ол тек әннің соңына қарай ашылады. Аталмыш шоуға қатысып, бірге өнер көрсеткен Роза Рымбаева мен Анатолий Цой үшін бұл дуэт нағыз тосын сый болғаны анық. Оған қос әншінің бір-бірін көргендегі әсерлері дәлел болмақ.

"Мәссаған! Не деген тосын сый! Достар, Қазақстанның халық әртісі - Роза Рымбаева", - деп айқайлап жіберді Цой.

"Білесіздер ме, ол менімен үндесе, бір октаваға жоғары айтты. Мен таңғалдым. Талып қала жаздадым. Жарайсың, балам", - деп мақтады Анатолийді Рымбаева. Анатолий Цой өз кезегінде бұл жобаның арқасында бала күнгі арманы орындалғанын айтты. Ол бұрыннан бері Рымбаевамен дуэт айтқысы келіп жүргенін жеткізді. Роза Рымбаева мен Анатолий Цойдың өнерін видеоның 6-минутынан бастап көруге болады.

https://www.youtube.com/watch?v=0uvjdSXftM8

Автор
Данияр