KZNews.kz
Шоу-бизнес

Назарбаевтың Түркістанға не үшін барғаны белгілі болды

Айбар

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елбасының баспасөз хатшысы Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Түркістанға барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"Түркістан - түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында", - деп жазады Айдос Үкібай.

Оның айтуынша, Назарбаев екі күн ішінде еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмысымен танысады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев тұңғыш президенттің өкілеттігін кеңейтті

Түркістанға сапары барысында Елбасы мәдени-ағарту нысандары, саябақ және Арбат құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Назарбаевқа "Күлтөбе қалашығы" археологиялық саябағының жобасы таныстырылды", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.


sputniknews.kz
Айбар
Автордың басқа материалдары