Иран футболшылары АҚШ-қа «168» деген ерекше сыймен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың қолынан марапат алған король қызы өмірден өтті

Назарбаевтың қолынан марапат алған король қызы өмірден өтті
TASS/EPA/RUNGROJ YONGRIT

Таиландта Рама X королінің үлкен қызы, ханшайым Баджракитиябха 47 жасында өмірден өтті. Ол ханшайым Па деген атпен де белгілі болған. Қайғылы хабарды Корольдік бюро таратты, деп хабарлайды kznews.kz.

БАҚ мәліметінше, ол ұзаққа созылған дерттен кейін 11 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:48-де Чулалонгкорн королі атындағы мемориалдық ауруханада қайтыс болған.

Ханшайым 2022 жылдың желтоқсан айынан бері комада жатқан. Оның өмірі өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен сақталып келген.

2026 жылдың 21 мамырында оның жағдайы күрт нашарлаған. Бұған ішектің қабынуынан туындаған құрсақ қуысындағы инфекция себеп болғаны айтылды. Сонымен қатар ханшайымда қан қысымының төмендеуі, жүрек соғысының бұзылуы және қан ұюының қалыптан тыс өзгеруі байқалған.

Бұл қаза Қазақстан үшін де ерекше мәнге ие. Себебі ханшайым Баджракитиябха бұған дейін Қазақстанға келіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына үлес қосқан. Оның сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы мәдени және дипломатиялық байланысты нығайта түскен.

Сонымен қатар ханшайымның еңбегі ескеріліп, ол Қазақстанның II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған. Бұл марапат туралы жарлыққа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер