Тоқаев сараптама тобының құрамын бекітті. Ол немен айналысады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Үйде соңғы сөзді күйеуім айтады": Гүлнұр Оразымбетова отбасындағы ережені айтты

"Үйде соңғы сөзді күйеуім айтады": Гүлнұр Оразымбетова отбасындағы ережені айтты
Гүлнұр Оразымбетова күйеуімен. Фото: ашық дереккөзден

Танымал қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова отбасылық өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды бөлісті. Өнер иесі үйдегі қаржыны кім басқаратынын, бала тәрбиесінде қандай ұстанымды басшылыққа алатынын және жұбайымен қарым-қатынасын қалай сақтап отырғанын айтты.

Әншінің айтуынша, олардың отбасында маңызды мәселелерді шешуде жұбайының сөзі басым. Ал ерлі-зайыптылар арасында келіспеушілік туындаған жағдайда Гүлнұр Оразымбетова бірінші болып татуласуға қадам жасайтынын жасырмады.

Өнер иесі жолдасының отбасылық қаржыға ұқыпты қарайтынын және балаларын тәрбиелеуде талапшыл екенін де атап өтті.

"Үйде соңғы сөзді жолдасым айтады. Ренжіскенде бірінші болып мен сөйлесемін. Отбасында ақшаны жақсы ұстайды. Бала тәрбиесінде қатал. Күйеуім маған көп комплимент айтады, "менің жұлдызымсың" дейді", – деді Гүлнұр Оразымбетова.

Әнші шаңырағында қалыптасқан тағы бір әдет туралы әңгімеледі. Оның сөзінше, отбасы мүшелері дастарқан басына жиналған кезде телефон пайдаланбауға тырысады. Бұл ереже жақындардың бір-бірімен көбірек әңгімелесуіне және отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

"Ас ішкенде телефонсыз отырамыз. Бақытты отбасының құпиясы – әке мен шешенің бір-біріне деген махаббатының нәтижесі", – деді ол.

Гүлнұр Оразымбетова ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Оның пікірінше, балалардың бақытты ортада өсуі үшін ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасы ерекше мәнге ие.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер