Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың екінші әйелі көпшілік алдында бой көрсетті

Назарбаевтың екінші әйелі көпшілік алдында бой көрсетті
Фото: ашық дереккөз

Астанада өткен Kazakhstan Fashion Week сән апталығында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші жұбайы Әсел Исабаева көпшілік назарын өзіне аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс-шарадан түсірілген фотосуреттер әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қызу талқыланып жатыр. Кадрлардан оның сән көрсетіліміне арнайы қонақ ретінде қатысқаны байқалады. Суреттерді Instagram парақшасында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бапкер Әлия Юсупова жариялаған.

Бұл — Әсел Исабаеваның соңғы уақытта көпшілік алдына екінші рет шығуы. Бұған дейін наурыз айында фотограф Мирас Баянов оның қатысуымен өткен фотосессияны көпшілікке ұсынған еді.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2023 жылы жарық көрген «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты мемуарында Әсел Исабаеваны өзінің екінші жұбайы ретінде алғаш рет ресми түрде таныстырған. Сондай-ақ ол олардың Тауман және Бәйкен есімді екі ұлы бар екенін жазған.

Сонымен қатар Threads желісінде де Исабаеваның елордалық сән индустриясы өкілдерімен бірге түскен фотолары таралып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.