Өзіміздің өндіріс шикізат шынжырын үзе ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Заң аясында жауап бересіңдер”: Әділет Зейнелдің екінші әйелі халыққа ескерту жасады

“Заң аясында жауап бересіңдер”: Әділет Зейнелдің екінші әйелі халыққа ескерту жасады

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы жұбайы Әділет Зейнелдің қазіргі жары Жұлдыз Мырзәли әлеуметтік желілерде өзіне және отбасы мүшелеріне қатысты тарап жатқан пікірлерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жұлдыз Мырзалидің айтуынша, соңғы уақытта отбасы мүшелеріне бағытталған қорлау, жала жабу және түрлі айыптаулар көбейген. Осыған байланысты олар әлеуметтік желілерде жарияланған барлық жазбалар мен пікірлерді, сондай-ақ скриншоттар мен бейнематериалдарды жинақтап жатқанын жеткізді.

Оның сөзінше, жиналған материалдардың барлығы заңгерлердің қарауына ұсынылып, қажет болған жағдайда сот процесінде дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін.

«Бізге қатысты жарияланған қорлау, жала жабу және негізсіз айыптаулардың барлығы заңгерлер мен тиісті мамандардың қарауына беріледі. Үндемей жүргеніміз – ешнәрсені мойындағанымыз емес. Қазіргі уақытта барлық қажетті дәлелдерді жинап жатырмыз», – деді ол.

Сонымен қатар Жұлдыз Мырзәли жалған аккаунттардың артында отырып пікір қалдырып жүрген желі қолданушыларына да ескерту жасады. Оның айтуынша, анонимді парақшаларды пайдалану заң алдындағы жауапкершіліктен құтқармайды.

«Әр адам айтқан сөзі мен жасаған әрекеті үшін заң алдында жауап береді. Жалған аккаунт ашқандарыңыз біз сіздерді анықтай алмаймыз дегенді білдірмейді. Бұл бағыттағы жұмысты енді ғана бастадық. Заң аясында әркім өз әрекетіне сай жауап береді», – деп жазды ол.

Айта кетейік, соңғы уақытта аталған отбасыға қатысты әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер мен жазбалар кеңінен тарап, қоғам арасында қызу талқыланып келеді. Жұлдыз Мырзалидің мәлімдемесі осы жағдайға байланысты жарияланды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.