"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев университетінде "студенттің қыздарға арналған әжетхананы видеоға түсіргенін" хабарлаған жігіт оқудан шығарылмақ (видео)

Назарбаев университетінде "студенттің қыздарға арналған әжетхананы видеоға түсіргенін" хабарлаған жігіт оқудан шығарылмақ (видео)

Астанадағы Назарбаев университетінде "студент жігіттің қыздарға арналған әжетхананы видеоға түсіргені" туралы ақпаратты таратқан студент оқудан шығарылмақ. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.


Оқудан шығарылғалы жатқан Темірлан есімді студенттің сөзінше, қыздарға арналған әжетхананы видеоға түсірген жігітке тек айыппұл салынған.

"Студент жігіттің қыздар әжетханасын видеоға түсіргені туралы ақпаратты маған бір студент айтты. Сосын бұл оқиғаны көпшілікке жария еттім. Бірақ бұл туралы бұған дейін 4 мың адамы бар студенттік чаттарды талқыланған еді. Дегенмен менің пікірім танымал боп кетті. Бұл ақпаратты жариялау себебім Қазақстанда әйелдер құқығы қорғалуы керек. Себебі елімізде зорлық-зомбылық эпидемиясы тарап жатыр. Мұндай жағдайлардың көбеюі қоғамда зорлық-зомбылықтың қалыпты жағдайға айналғанын көрсетеді. Орынсыз әрекетке барған студентке жәй ғана айыппұл салынды. Полиция оған университетке кіруге тыйым салды. Бірақ, ол оқудан шығарылған жоқ. Керісінше маған қатысты тәртіптік тыңдалым өтпек. Енді менің оқудан шығарылуым немесе басқа да санкцияға ілінуім мүмкін", – деді студент.

Автор
Данияр