«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев қатысқан сенат отырысында оны төс белгімен марапаттап, мадақтады

Назарбаев қатысқан сенат отырысында оны төс белгімен марапаттап, мадақтады

6 маусымда Нұр-Сұлтанда сенат отырысына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп қатысты. Оны қошаметпен қарсы алған депутаттар Назарбаевқа төс белгі мен куәлік табыстады. Көпшілікке құрмет көрсеткені үшін алғыс айтқан Назарбаев "арасында отырысқа келіп, ақыл-кеңестерімен бөлісіп тұратынын" айтты.

Бұдан соң сенат мүшелері мінберге кезек-кезек шығып, Назарбаевты мадақтады. Депутаттардың бірі "сіңірген еңбегіңіз ұшан-теңіз, оны әлем мойындайды" деді.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, отырысқа ақпарат құралдарын кіргізбеген. Олар өзге залда орнатылған монитордан бақылап отыр. Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "құрметті сенатор" атағы берілген еді.


Azattyq
Автор
Мадияр