ка

Назарбаев Пекиндегі форумға қатысып отыр

26.04.2019 09:23
0
1

Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде өтіп жатқан "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасы аясында өтіп жатқан форумқа қатысып отыр. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы хабарлады.

Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, форум кезінде "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасының алты жыл бойғы жұмысының нәтижесі айтылып, оны ары қарай дамыту шаралары қабылданады.

Агенттік "Бағдарлама жайлы бастама көтерген адамдардың бірі ретінде Назарбаев Қытай лидері Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен соң сөз сөйлейді" деп жазады.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Назарбаевты форумдағы "ең маңызды және құрметті қонақ" деп атаған. Пекинде өтетін "Бір белдеу - бір жол" екінші форумына 37 ел қатысады.

Оқи отырыңыз: "Қазақ-қытай қатынасында Назарбаевтың салмағы әлі басым"

Назарбаев Пекинге кеше, 25 сәуірде түнде жеткен. Бұрынғы президенттің баспасөз қызметі "сапар кезінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин кездесуі жоспарланып отыр" деп хабарлаған.


Azattyq
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий