Бүгін Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрында көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Қаралы жиынға еліміздің белгілі жазушылары мен қоғам қайраткерлері жиналды. Сондай-ақ, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген де келіп, ақынның рухына тағзым етіп, көпшілікке көңіл айтты.
Қоштасу рәсімінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды сөз сөйлеп, Мұхтар Шахановтың ел руханиятындағы орнына ерекше тоқталды.