Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Фото: Todayinfo.k

Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрында көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Қаралы жиынға еліміздің белгілі жазушылары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері жиналған. Сонымен қатар, көрші мемлекеттерден келген ақын-жазушылар да ақынға құрмет көрсету үшін арнайы келген. Театр іші қара жамылған халыққа толып, қоштасуға келгендердің қарасы қалың.

Залда қаралы әуен ойнап, жиналған жұрт ақынға тағзым етуде. Қоштасу рәсіміне оның әріптестері, замандастары мен үзеңгілес серіктері қатысуда. Сондай-ақ, белгілі әнші Димаш Құдайберген де келіп, Мұхтар Шахановтың рухына құрмет көрсетті.

Еске сала кетейік, 19 сәуір күні қазақтың көрнекті қаламгері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.