Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жағдай қоғамда пікірталас тудырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жағдай қоғамда пікірталас тудырды

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жағдай қоғамда пікірталас тудырды
ашық дереккөзден

Қазақ халқы кеше ұлы ақын, абыз тұлға Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салды. Алматыдан туған жеріне аттандырылған қаралы рәсім барысында қоғамда түрлі пікір туғызған жағдайлар да орын алғаны айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Threads әлеуметтік желісінде журналист Азамат Әбілқайыр өз ренішін білдіріп, жаназа кезінде әдепке жат қылықтардың болғанын атап өтті. Оның айтуынша, қоштасу рәсіміне келген әнші Қайрат Нұртас көпшіліктің назарын аударып, кейбір адамдар оны суретке түсіру үшін қоршап алған.

"Ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне әнші Қайрат Нұртас келді. Елеусіз, ың-шыңсыз кіріп-шыққысы келгені байқалады. Бірақ біраз адам ұстап алып, (ақсақалдар мен қарасақалдар) жаппай фотоға түсіп, әрі-бері тартқылап есін тандырды. Жарайды, Қайрат ондайды бірінші рет көріп тұрған жоқ. Бірақ үлкен кісілердікі не? Қайратпен дәл садақада түсу керек пе? Жаназасы оқылмады ғой! Әй, мәйіт жатыр ғой. Әруақты сыйласаң нетті?! Ұят қой, ағалар-ау! Сана жоқ. Деңгей жоқ. Өре жоқ", – деп жазды журналист. 

Сонымен қатар ақынның туған жерінде, Отырар ауданында жаназасын шығарар уақытта да кейбір азаматтардың мәйітті алып бара жатқан сәтте видеоға түсіп жатқаны да сынға ұшырады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер