Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты: бір отбасының бес баласы қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Министрлік резонанстық оқиғалар бойынша пластикалық ота жасайтын орталықтарға тексеру жүргізді

Министрлік резонанстық оқиғалар бойынша пластикалық ота жасайтын орталықтарға тексеру жүргізді
Фото: freepik.com

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия саласында қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға кешенді жоспардан тыс тексерулер жүргізетін болады. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісіліп қабылданды және медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, клиникаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, 2021 жылдан бері аумақтық департаменттер пластикалық хирургия саласында жұмыс істейтін медициналық ұйымдарға 92 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексерулердің ең көбі 2024 жылы өткізілген. Бұл пластикалық операциялардың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты азаматтардың шағымдарының көбеюімен байланысты.

Тексеру барысында мамандар мынадай заң бұзушылықтарды анықтады:

  • лицензиялық талаптардың сақталмауы;
  • медициналық көмек көрсету стандарттарының бұзылуы;
  • медициналық құжаттаманы жүргізу қағидаларының сақталмауы;
  • қажетті рұқсат құжаттарынсыз медициналық қызмет көрсету фактілері.

Тексеру нәтижесінде клиникаларға анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы міндетті нұсқамалар берілді.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 24 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық операциялардан кейінгі өліммен аяқталған жағдайларға да ерекше назар аударды.

Жоспардан тыс тексерулер Алматы, Астана және Маңғыстау облысында тіркелген ең резонансты оқиғалар бойынша жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Министрлік пластикалық хирургия клиникаларының қызметіне мемлекеттік бақылау пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын бақылау және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.