Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Момынов америкалық боксшымен қолғап түйістіреді

Момынов америкалық боксшымен қолғап түйістіреді

WBC Asia және NBA Intercontinental чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Бобыржан Момыновтың (9-0, 8 KO) кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды.

АҚШ-тың Коста-Меса қаласындағы кеште қазақстандық боксшы 8 раундтық жекпе-жек өткізеді. Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде Бобыржан Момынов америкалық Джонатан Стилмен (9-2-1, 6 КО) жұдырықтасады. 27 жастағы боксшы 12 жекпе-жегінің тек біреуінде жеңіліс тапқан, тағы екі кездесуі тең аяқталған. 

Кештің басты жекпе-жегінде болгариялық боксшы Кубрат Пулев (26-1, 13 KO) пен румын Богдан Дину (18-1, 14 КО) қолғап түйістіреді.

Айта кетеік, Бобыржан Момынов соңғы жекпе-жегін Ақтөбе қаласында 15 қыркүйек күні өткізді. Ол 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қарсыласы грузин Анзор Гамгебелені екінші раундта нокаутқа түсірді.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Санжар