Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Министрлік Roblox ойынының балаларға қауіп-қатері туралы ескертті

Министрлік Roblox ойынының балаларға қауіп-қатері туралы ескертті

Оқу-ағарту министрлігі балалар арасында кең тараған кейбір мобильді ойындардың соңында қаскүнемдер жасырынғанын айтты. Ведомство соңғы кездері Roblox ойыны арқылы сенімге кіріп, жасөспірімдерді алдайтын әрекеттер жиілегенін жеткізді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, қаскүнемдер алдымен баланың сеніміне кіріп, кейін әңгімені жабық чаттарға ауыстырады екен. Олар сол жерде кәмелетке толмағандарды қорқытып-үркітуге дейін баратын көрінеді.Roblox арқылы жасалатын мұндай қылмыстар қазір бірнеше елде кеңінен етек жайған. Түркия мен Қатар бұл ойынға толықтай тыйым салған. Ал Оқу-ағарту министрлігі әзірге ата-аналарды сақ болуға шақырып отыр. Олар бала мінезіндегі тұйықтық, агрессия мен мазасыздықты елеусіз қалдырмауға кеңес беріп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық ата-аналарға интернеттегі Roblox ойынына қатысты ескерту жасалғаны туралы жазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.