"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Миллиардер Маск мемлекеттік қызметтен кетеді

Миллиардер Маск мемлекеттік қызметтен кетеді

Америкалық миллиардер Илон Маск “арнайы үкіметтік қызметкер” ретіндегі лауазымынан кететінін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz ұлттық порталы.

Маск өзінің қызметінен кететінін 29 мамыр, бейсенбіге қараған түні Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

“Арнайы үкіметтік қызметкер ретіндегі өкілеттігімнің мерзімі аяқталып келе жатқандықтан, маған ысырапшыл шығындарды қысқартуға мүмкіндік бергені үшін президент Дональд Трампқа алғыс айтқым келеді”, – деді ол.

Маск басқаратын Үкімет тиімділігі департаментінің миссиясы алдағы уақытта нығая түсетініне сенімді екенін айтты. Оның пікірінше, бұл бастама уақыт өте келе бүкіл үкіметтің өмір салтына айналмақ.

Еске сала кетейік, арнайы мемлекеттік қызметкер ретінде Масктың қызмет ету мерзімі 130 күнмен шектелген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.