Шоу-бизнес

«Мешітке адам басына 20 мың теңге төлейсің»: Депутат адам өлімінің бизнеске айналғанын айтты

«Мешітке адам басына 20 мың теңге төлейсің»: Депутат адам өлімінің бизнеске айналғанын айтты

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мешіттерде қайтыс болған адамға берілетін астағы ысырапшылдықты сынға алды.

Оның айтуынша, Астанадағы Бас мешіт пен Хазірет Сұлтан мешіттері адам басына 7 мыңнан 20 мың теңгеге дейінгі мәзірлер ұсынады, бұл той дастарқанынан кем емес. Депутат бұл жағдайды бизнеске теңеп, басқа өңірлерде мұндай ысырапшылдық жоқ екенін айтты. Ол Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасын бұл мәселені реттеуге шақырып, ысырапшылдықтың алдын алу мешіттерден басталуы керек деп мәлімдеді.

«Астананың Бас мешіті мен Хазірет Сұлтан мешітіндегі асханада ас беретін болсаңыз, адам басына 20000 теңгеге дейін төлеуге дайын болыңыз! Адам өліміндегі ас емес, той жасайтын дастарқан! Минималды баға 7000 теңге. Бірақ ол кезде етті өзіңіз әкелесіз. Бұл бизнес болмағанда не? Мысалы Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында дастарқанда тек 7-ақ ас түрі болады. Одан басқа мәзір жоқ! Ұсынбайды! Неге бас қалада, басқа аймақтарда осылай болмайды?

Ерте ме, кеш пе кез келген адам басына өлім келеді. Одан ешкім құтыла алмайды. Жер алу, жаназа, ас беру, зират көтеру… осының бәрі бір күні алдыңыздан шығатын діни жоралғылар. Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы тарапынан бұл мәселе дұрыс жолға қойылмаса, қайғыдан қан жұтып отырған жандарға, ақшасы жоқтарға одан сайын соққы болып отыр.
Ысырапшылдықтың алдын алу неге мешіттерден басталмайды?!», — деп жазды Дәулет Мұқаев желідегі парақшасында. 


Фото: instagram.com/daulet_mukayev

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz