Актриса Меруерт Өтекешова күйеуі, танымал актер Құман Тастанбековтің өмірінің соңғы сәттері туралы алғаш рет естеліктерін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, денсаулығында қиындықтар болса да, актер отбасы тойына барып, жиеніне бата беруді жөн көрген. Тойдан кейін ерлі-зайыптылар қонақүйге оралған.
"Мен бір сәтке теріс қарап едім, қайта бұрылғанымда ол кісіден айырылып қалдық", – деді Меруерт Өтекешова.
Актрисаның айтуынша, ол сол түні күйеуінің жанында қонақүй бөлмесінде болған. Кейін ол Құман Тастанбековтің армандаған немересін көре алмай кеткенін де қынжыла еске алды.