"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Меруерт Өтекешова "Қыз Жібек" қамзолына қатысты дауға пікір білдірді (ВИДЕО)

Меруерт Өтекешова "Қыз Жібек" қамзолына қатысты дауға пікір білдірді (ВИДЕО)
politico.kz коллажы

Кеңес және қазақстандық танымал актриса Меруерт Өтекешова журналист Майя Бекбаеваға эксклюзив сұхбат беріп, "Қыз Жібек" фильміндегі қамзолға қатысты дауға пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сұхбат тележүргізушінің YouTube арнасында жарияланған. Актрисаның айтуынша, қайта құру кезеңінде көптеген кино костюмдері жоғалып кеткен.

Ол әйгілі "Қыз Жібек" фильміндегі қамзолды экранға шыққаннан кейін арада бірнеше онжылдық өткен соң ғана Баян Алагөзованың үстінен көргенін айтты.

Меруерт Өтекешованың пікірінше, бұл киім – халықтың мәдени мұрасы, сондықтан ол болашақта музейге тапсырылып, сақталуы тиіс.

"Көп адам оның қамзолды кигеніне қарсы болды. Бірақ шығармашылық адамы үшін эмоцияға берілу – қалыпты жағдай. Әдемі, сақталған дүние екенін көргенде, ішкі қуанышпен киген шығар. Бұл – жай ғана әсер", – деді актриса.

Сондай-ақ ол Баян Алагөзова бұл жәдігерді міндетті түрде сақтап, музейге өткізетініне сенімді екенін жеткізді. Оның айтуынша, қамзолды продюсер өз музейінде сақтауы немесе Ұлттық музейге тапсыруы мүмкін – бұл оның жеке шешімі.

Актриса кейбіреулердің "қамзолды Меруерт Өтекешова сыйлаған" деген пікіріне де тоқталып, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер