77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Баян Алагөзова "Қыз Жібек" қамзолына қатысты дауға жауап берді

Баян Алагөзова "Қыз Жібек" қамзолына қатысты дауға жауап берді
ozgeris.info коллажы

Танымал продюсер Баян Алагөзова өзіне сыйға берілген «Қыз Жібек» фильміндегі қамзолға қатысты қоғамда туындаған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Продюсер Instagram парақшасында бейнеүндеу жариялап, бұл киімнің ешқандай ресми құжатта немесе мемлекеттік балансқа тіркелмегенін айтты.

«50 жылдан астам уақыт бойы бұл қамзол ешкімнің назарында болмағаны таңғалдырады. Ұлы фильмнің басқа костюмдері қайда, неге олар сақталмады?» – деп пікір білдірді ол.

Сонымен қатар, Алагөзова бұл жәдігерді ұзақ жылдар бойы бір әйел өз үйінде мұқият сақтап келгенін жеткізді. Оның сөзінше, бұрынғы иесі киімді аз адам келетін музейге емес, сенімді қолға беруді жөн санаған.

Продюсер алдағы уақытта қамзолдың 600 көшірмесін тігіп шығаруды жоспарлап отырғанын да мәлімдеді.

«Келесі жылы “Қазақ аруы” байқауы аясында осы киімнің дәл нұсқасын қайта жасап, көпшілікке ұсынамыз. Бұл – Гүлфайрус Исмайылова жасаған өнер туындысын дәріптеу үшін жасалады. Немесе оны музейге тапсыруға да дайынмын», – деді ол.

Сондай-ақ продюсер актриса Меруерт Өтекешованың еңбегін ерекше атап өтіп, алдағы жобасын оның құрметіне арнайтынын жеткізді.

.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер