Жамбыл облысында Өзбекстан азаматының өліміне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Іс өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қозғалған, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұған дейін Меркіде сегіз айлық сәбиі бар жас ананың қайтыс болғаны хабарланған еді. Марқұм көз жұмардан аз уақыт бұрын құрбысына күйеуімен жанжалдасып қалғанын айтқан.
Оның сөзінше, жанжал "Барни" батончигіне байланысты басталып, соңы күйеуінің оны ұрып-соғуына ұласқан.
Полиция болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасап, тергеуге қатысты өзге ақпаратты әзірге жариялаған жоқ.