Тоқаев Ұлттық қор қаражаты қандай жобаларға жұмсалатынын айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Мадина қайтқан күні Мадияр туған күнде болды”: Меркідегі келіншектің өліміне қатысты тың деректер жария болды

“Мадина қайтқан күні Мадияр туған күнде болды”: Меркідегі келіншектің өліміне қатысты тың деректер жария болды
Фото: Politico.kz

Меркіде 19 жастағы Мадинаның өліміне қатысты қоғам талқылап жатқан оқиға бойынша жаңа дерек пайда болды. Марқұм қыздың қазасы болған күні Мадияр есімді жігіттің танысының үйіне барғаны айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл ақпаратты Мадиярдың көршісі жеткізген. Оның сөзінше, жігіт сол күні елді мекеннің шеткі бөлігінде тұратын танысының үйіне барған. Айтуынша, ол аталған азаматтың туған күніне орай арнайы құттықтап барған.

Көршінің мәлімдеуінше, жастар арасында туған күн иесін түнгі уақытта құттықтап бару жиі кездеседі. Мадияр да осы себеппен танысының үйіне барған болуы мүмкін.

«Дәл сол күні Мадияр шет жақта тұратын, службада жүрген танысының үйінде болған. Туған күнімен құттықтау үшін сол үйге барған. Қайтыс болған күні үйде болған. Білесіздер ғой, жастар бір-бірін түнде құттықтап барады», – деді көршісі.

Мадиярдың сол күні қай жерде болғаны туралы бұл мәлімет әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан оқиғаға қатысты жаңа сұрақтар туғызуы мүмкін. Дегенмен көршінің айтқаны әзірге жеке адамның сөзі екенін ескерген жөн.

Бұған дейін 19 жастағы Мадинаның қазасы қоғамда кең резонанс туғызып, марқұмның жақындары мен оқиғаға қатысты пікір білдірген азаматтар түрлі мәліметтер айтқан болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.