KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Меркіде көз жұмған келіншектің қайын жұрты туралы жаңа деректер белгілі болды

• Айжан Сыланова

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында қайтыс болған Мадинаның қайын жұртына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz MadeniPortal.kz сайтцна сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегілер ер адамның әкесі түрмеде екенін жазуда. Тіпті ол келіншегінің анасының атына несие рәсімдеген деген ақпарат тарауда.

Айта кетейік, Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы Мадина Рашидқызы қайтыс болды. Жас келіншектің артында сегіз айлық сәбиі қалған. Бұл туралы бірнеше рет ақпарат жазған болатынбыз. Мәлімет бойынша, Мадина Өзбекстан азаматы болған, ал күйеуі Қазақстан азаматы. Ерлі-зайыпты шамамен екі жыл некеде тұрған. 

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →