«Әділет» партиясы Павлодарда өндіріс пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Күйеуі жуас, еркек болғасын ұрады”: Меркіде көз жұмған келіншектің қайын жұрты жаға ұстатты

“Күйеуі жуас, еркек болғасын ұрады”: Меркіде көз жұмған келіншектің қайын жұрты жаға ұстатты

Танымал журналист Жан Ахмадиев Меркіде 19 жасында өмірден өткен Мадинаның қайын жұртына барып, жағдайды өз көзімен көріп, марқұм қыздың отбасы жайлы мәлімет жинады, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда журналистің сұрақтарына Мадинаның ата-енесі жауап беруден бас тартқан. Осыған байланысты Жан Ахмадиев олардың үйінің маңында тұратын көршісімен сөйлескен.

Көршінің айтуынша, Мадинаның күйеуі Мадияр тұйық әрі жуас мінезді жігіт болған. Ол ерлі-зайыптылар арасында жанжал болуы мүмкін екенін жоққа шығармағанымен, Мадиярдың әйелін өлімші етіп ұрғанын көрмегенін айтты.

«Мадияр – жуас бала. Ашумен ұрса, ұрған да шығар. Еркек болған соң ұрады ғой. Бірақ ұрған кезде өлтіріп ұрғанын көрген жоқпын. Отбасы болған соң арасында ұрыс-керіс, айқай болған шығар», – деді көрші журналистке берген сұхбатында.

Көршінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Әсіресе әйелге қол көтеруді «қалыпты жағдай» ретінде сипаттайтын сөздер көпшіліктің сынына ұшырады.

Желі қолданушылары пікірлерінде мұндай көзқарастың тұрмыстық зорлық-зомбылықты ақтауға әкелетінін айтып, марқұмның тағдырына қатысты сөздерге сақ болуға шақырды.

«Мұндай сөз үшін жауап беру керек», «Мадинаның орнында өз қызы болғанда да осылай айтар ма еді?», «Қыздың өліміне қатысты мұны қалайша еш өкінішсіз айтуға болады?», «Әйелдің жауы әйел болып тұр», – деген пікірлер жазылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.