Қайтарылған активтерден 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Күйеуім не болса соған ұра береді”. Меркіде көз жұмған әйелдің әңгімесі жария етілді

“Күйеуім не болса соған ұра береді”. Меркіде көз жұмған әйелдің әңгімесі жария етілді
Фото: әлеуметтік желі

Жамбыл облысының Меркі ауданында қаза болған 19 жастағы Мадинаға қатысты жаңа мәлімет пайда болды. Марқұммен жүктілік кезінде бір палатада бірге жатқанын айтқан әйел журналист Руслан Өтепбайға хабарласып, сол кездегі әңгімесін баяндаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Әйелдің сөзінше, ол Мадинамен былтыр наурыз айында гинекология бөлімінде бірге жатқан. Сол кезде болашақ ана жүктіліктің алғашқы кезеңінде болып, жүктілікті сақтап қалу үшін ауруханада ем қабылдаған.

Куәгердің айтуынша, екеуі оңаша қалған кезде Мадина отбасындағы жағдайын айтып, күйеуінен көрген қысымын бөліскен.

«Күйеуім не болса да ұра береді деп жылап әңгімесін айтып еді», – деп жазған әйел.

Оның айтуынша, Мадина әкесінің жоқ екенін өзгелерге айтудан қиналған. Сондықтан әкесі туралы сұраған адамдарға оның жұмысқа кеткенін айтып жүргенін жеткізген.

Хат авторы марқұмның қайын жұрты мен күйеуінің отбасындағы қарым-қатынастарға қатысты да әңгіме болғанын еске алған. Сондай-ақ Мадинаның күйеуінің туыстарының бірі ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдарға араласатынын айтқанын жеткізді.

Әйел сол кезде Мадинаға зорлық-зомбылыққа шыдамай, қауіпсіз жерге кетуге кеңес бергенін айтады.

«Бір рет ұрғаннан кейін-ақ кетіп қал, ауруханаға дейін жеткізген адаммен тұрудың қажеті жоқ деп едім», – деген ол.

Хат авторы содан кейін Мадинаны кездестірмегенін, оның қайтыс болғаны туралы әлеуметтік желіден білгенін айтып, бұл жағдайдан қатты күйзелгенін жеткізді.

Марқұмның бұрынғы танысының бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде тарағанымен, хатта айтылған жайттардың барлығы әзірге ресми түрде расталған жоқ. Оқиғаның нақты мән-жайы мен Мадинаның өліміне қатысты барлық дерек тергеу барысында анықталуы тиіс.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.