«Әділет» партиясы Павлодарда өндіріс пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қалың малын бердік”: Меркіде Мадинаның киімдерін қайын жұрты бермей қойған

“Қалың малын бердік”: Меркіде Мадинаның киімдерін қайын жұрты бермей қойған
Фото: әлеуметтік желіден

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында қаза тапқан Мадинаның өліміне қатысты қоғамдағы талқылау әлі де жалғасып жатыр. Бұл жолы марқұмның анасына барған журналист Жан Ахмадиевтің видеосы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист марқұмның анасымен бірге Мадинаның қайын жұртына барып, қызының артында қалған киімдерін алып кетуге әрекет жасаған. Алайда үйдегі адамдар жас келіннің киімдерін беруден бас тартқан.

Журналистің айтуынша, қайын жұрт өкілдері өз уәжін «қалың мал бергенбіз» деген сөзбен түсіндірген.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында наразылық туғызды. Көпшілік марқұмның жеке заттарын анасына бермеу әрекетін сынға алып, мұндай жағдайда қайын жұрттың ұстанымын түсіну қиын екенін жазды.

«Сұмдық екен», «Киімдерін не қылады екен?», «Сөз жоқ», «Не деген адамдар?», «Полиция шақыру керек» деген пікірлер қалдырған желі қолданушылары.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.