Әлем

"Мен дайынмын": Шұғыл хабар! Зеленский президенттіктен кететінін айтты

"Мен дайынмын": Шұғыл хабар! Зеленский президенттіктен кететінін айтты
AP Photo / Peter Morrison. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамптың Украинада президент сайлауын өткізу қажет деген мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Мен әрқашан дайынмын», – деді Зеленский өз позициясын қысқа әрі нық жеткізіп.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада президенттік сайлау ұзап кеткенін айтып, оны шұғыл өткізуді ұсынған болатын.

«Көп уақыт өтті. Жағдай қиын. Қазір сайлау өткізу аса маңызды деп ойлаймын. Олар соғысты сайлауды кейінге шегерудің себебі ретінде көрсетуде. Бірақ менің ойымша, украин халқы таңдау жасауға құқылы. Кімнің жеңетінін білмеймін, бірақ олар сайлауды көптен бері өткізе алмай келеді. Демократия туралы айтады, алайда бір сәтте бұл демократиядан алыстап кетуі мүмкін», – деген еді Трамп Politico басылымына берген сұхбатында.

Зеленскийдің «әрқашан дайынмын» деген сөзі Украинада кезектен тыс саяси өзгерістер болуы мүмкін деген болжамдарды күшейтті.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz