Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Зеленский Свириденконың Украина премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді

Зеленский Свириденконың Украина премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді
AP Photo / Alex Brandon

Украина президенті Владимир Зеленский премьер-министр Юлия Свириденкоға қызметінен кетіп, "негізгі серіктеспен қарым-қатынастағы жаңа әрі маңызды бағытты" басқаруды ұсынды. Мемлекет басшысы елдің жаңартылған саяси стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған кадрлық өзгерістер болатынын хабарлады. Украина бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Свириденконың орнына "Нафтогаз Украины" компаниясының басшысы Сергей Корецкий келуі мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.

Владимир Зеленский Украина басшылығында кадрлық ауыс-түйіс болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл өзгерістер елдің жаңартылған саяси бағытын іске асыру үшін қажет.

Президент Юлия Свириденкоға премьер-министр қызметінен кетіп, "негізгі серіктеспен қарым-қатынастағы жаңа әрі маңызды бағытты" басқаруды ұсынған.

Зеленский Свириденкоға премьер-министр қызметіндегі тиімді жұмысы және Украина командасында атқарған көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін алғыс айтты. Оның сөзінше, құқық қорғау органдары басшыларының құрамында да өзгерістер болады.

Украина президенті сыртқы саясаттағы әрбір басым бағытқа тәжірибесі мол нақты бір тұлға жауап беретінін атап өтті. Ол негізгі бағыттардың қатарында АҚШ-пен қарым-қатынасты, Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін өндіруге лицензия алу жөніндегі келісімдерді, Еуропалық одақпен ынтымақтастықты және көрші мемлекеттермен байланысты атады.

Кейін Юлия Свириденко "Украинаның жаңа тарихындағы ең күрделі кезеңде үкіметті басқару құрметіне ие болғанын мақтан тұтатынын" мәлімдеп, отставкаға кететінін растады.

Ол Зеленскиймен алдағы қадамдарды талқылағанын айтып, Украинаға бұдан әрі де қызмет етуге дайын екенін жеткізді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер