Әлем

"Отставкаға кетеді": Украина президенті Зеленскийге қатысты шұғыл хабар тарады

"Отставкаға кетеді": Украина президенті Зеленскийге қатысты шұғыл хабар тарады
t.me/V_Zelenskiy_official. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленскийдің жақын күндері қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Жоғарғы Рада депутаты Артём Дмитрук өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, сенбі-жексенбі күндері оған Зеленскийге осы аптада отставкаға кету туралы нақты бұйрық берілгені жөнінде мәлімет түскен.

Дмитрук биылғы 9 мамырда Зеленский "соғысты тоқтатып, өкілеттігін доғарып, елде сайлау ұйымдастыруы керек болғанын", алайда "осы талапты орындамағанын" айтады.

"Егер расымен де Зеленскийге қызметтен кету туралы бұйрық берілген болса, оны жүзеге асыру бірнеше апта немесе бірнеше айға созылуы мүмкін. Себебі ол әрдайым уақытты ұзартып, түрлі себептер айтып, жауапкершілікті кейінге ысыратын адам. Болуы тиіс нәрсені барынша кешіктіріп жүре береді", – деп мәлімдеді Артём Дмитрук.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz