Украинада Нұрлан Сабыровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Соғыс тоқтайды": Зеленский Путинге қарсы сес көрсетіп, шұғыл мәлімдеме жасады

"Соғыс тоқтайды": Зеленский Путинге қарсы сес көрсетіп, шұғыл мәлімдеме жасады
Sven Hoppe/picture alliance via Getty Images. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ әкімшілігінен және Дональд Трамп тарапынан Ресеймен ымыраға келу қажеттігі жөнінде сигналдар алып отырғанын айтты, деп kznews.kz тілшісі "Европейская правда" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Politico басылымына берген сұхбатында Зеленский:

"Америка тарапынан, президент Трамптан қазір келісімге келу уақыты келгені туралы, алға бірнеше қадам жасауға болатыны жөнінде сигналдар түсіп жатыр", – деді.

Сонымен қатар Украина басшысы Ақ үй жетекшісі соғысты уақытша тоқтатып, бітім жасау ұсынысын айтқанын жеткізді. Украина сөзсіз атысты тоқтатуға келісім бергенімен, Ресей президенті Владимир Путин бұл ұсыныстан бас тартқанын мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей басшысына нақты қысым жасалмайынша, жағдай өзгермейді.

"Әрине, ол бас тартады... Бүгін бір себеп айтады, ертең басқа себеп табады. Біз оған қысым жасауымыз керек. Путинге нақты қысым болғанда ғана бұл соғыс тоқтайды", – деді Украина президенті.

Өткен жұмада Трамп Зеленскийді батыл әрекет етуге шақырып, әйтпесе Ресеймен келіссөздердегі "тамаша мүмкіндікті" жіберіп алуы мүмкін екенін ескерткен.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде Вашингтон Украинадағы соғысты тоқтатуға ықпал ету үшін бар күшін салатынын айтты. Оның сөзінше, АҚШ Киев үшін қолайлы әрі Мәскеуге де қабылдауға болатын нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін зерттеуді жалғастырады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер