Жалақысы өсетін мамандардың қатарында учаскелік дәрігерлер мен медбикелер бар. Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, бұл мақсатқа жыл сайын шамамен 137 миллиард теңге қажет болады.
Министрдің айтуынша, қосымша төлемнің мөлшері медицина қызметкерінің үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоциялық жүктемесіне байланысты есептеледі.
«Қосымша ақы мөлшері үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоциялық жүктемеге қарай белгіленеді», – деді Ақмарал Әлназарова.
Оның айтуынша, учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін өсуі мүмкін.
Учаскелік дәрігерлер қанша жалақы алады?
Бұдан былай еңбек өтілі жоғары жалпы практика дәрігерінің жалақысы ауылдық жерде 760 мың теңгеге, ал қалада 607 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Бұған дейін отбасылық дәрігерлер емханалардағы жұмыс жүктемесі туралы да айтқан. Олардың сөзінше, учаскелік дәрігер бір күнде 40–50 пациентті қабылдайды. Ал кейбір мамандар қазіргі негізгі жалақысы жұмыс көлеміне сай келмейді.