Тоқаев сараптама тобының құрамын бекітті. Ол немен айналысады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысының экс-әкімі түрмеден мерзімінен бұрын шықты

Жамбыл облысының экс-әкімі түрмеден мерзімінен бұрын шықты
ашық дереккөз

Жамбыл облысын бұрын басқарған Кәрім Көкірекбаев ауыр науқасына байланысты жазасын өтеуден босатылуы мүмкін. Алатау қалалық соты оның денсаулық жағдайын ескеріп, түрмеден босату туралы шешім қабылдаған. Алайда прокуратура бұл қаулымен келіспей, оның күшін жоюды талап етіп отыр. Бұл ақпаратты Алматы облыстық соты растады. Оқиға туралы журналист Михаил Козачков Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның жазуынша, 2026 жылғы 17 қарашада сот №57 мекеме әкімшілігінің өтінішін қараған. Мекеме басшылығы сотталған Кәрім Көкірекбаевты Қылмыстық кодекстің 75-бабына сәйкес ауыр науқасына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатуды сұраған. Сот бұл өтінішті қанағаттандырған.

Дегенмен, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура шешімге қарсылық білдіріп, оны жою туралы жеке өтінішхат түсірген.

Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасының төрт жылға жуық уақытын өтеген.

Экс-әкім қандай іс бойынша сотталды?

Кәрім Көкірекбаев 2022 жылдың желтоқсанында «Bazis Construction INFR» компаниясының басшысы Андрей Поплавскийден пара алды деген күдікпен ұсталған. Қылмыстық іске оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев та қатысы бар деп танылған.

Тергеу нұсқасы бойынша, мердігер компания өкілдері Қорғас өзеніндегі қорғаныс нысандарының құрылысына қатысты орындалмаған жұмыстарды қабылдау актілеріне қол қою үшін экс-әкімге 396 миллион теңге берген. Мемлекетке келтірілген шығын 1,987 миллиард теңгеге бағаланған.

2024 жылдың маусымында алқабилер соты Көкірекбаевты ақтаған. Алайда апелляциялық сот бұл үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберген.

2025 жылдың шілдесінде сот бұрынғы әкімді кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев пен мердігер компания өкілі Андрей Поплавский 11 жылға сотталды. Үшеуіне де мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салынды.

Кәрім Көкірекбаев 2013–2018 жылдары Жамбыл облысын басқарған. Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясында басшылық қызметтер атқарып, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болған. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мекемесін басқарған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі